Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер Алматыдағы мейрамхана маңында оқ атқандарды ұстады

Оқиға Алмалы ауданында Наурызбай мен Жамбыл көшелерінің қиылысында желтоқсанның 11-нен 12-сіне қараған түні болған. Жанжалдасқан екеудің бірі екіншісіне қарата оқ атқан.

 newsbel.by-24.10.2015-84fUVkAL19xQr2T17Nqs5tgf3jlH0Wj9

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқыс оғиға салдарынан екінші адам жеңіл жараланды. Алайда, ауруханаға жатудан бас тартты.

«Аталған дерек ҚР ҚК 293-бабының 3-тармағы бойынша бұзақылық ретінде бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Күдіктілер ұсталды. Тіпті кезенген қару еш жерде тіркелмеген болып шықты. Сот-баллистикалық сараптама нәтижесінде бұл қару кімге тиесілі екендігі әрі басқа қылмыстарға қатыстылығы анықтала жатады», – деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Талқылау