Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер ұрған жігіттің туыстары оларға қылмыстық жаза қолдануларын талап етуде

Қарағанды облысында полицейлер ұрған жасөспірімнің туыстары полиция қызметкерлерінің бірнешеуіне қатысты қылмыстық жаза қолдануларын сұрап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агентті 31 арнаға сілтеме жасап.

Жас бала даладағы төбеелс кезінде зардап шекен. Тек оны соққыға жыққан бұзақылар емес, полиция қызметкерлері болып шықты. Біреулері ұрып жатқанда, куәгерлер шақырған екіншілері ешқандай әрекетсіз қарап тұрды.

22 жастағы Дмитрий экспертизадан әлі күнге дейін өтіп жатыр: көгерген жерлері мен қан ұйығаны кеткенімен жас жігіт сөйлесуден бас тартты. Жігіттің әпкесінің айтуынша, ол қазір көп сөйлемейді және оған психологтың көмегі қажет.

6 қыркүйек күні жұмысынан шыққан Дмитрий дүкенге кірген. Ол жерде үш адам тұрған, біреуі оның аяғын басып кеткен екен. Берген ескертудің соңы төбелеске айналды. Сатушылар полицияны екі рет шақырған, алайда олар болып жатқан оқиғаға сыртынан қарап кетіп қалған. Ал жігітті ұрғандардың екеуі де – полиция қызметкерлері болып шықты.

«Олар өздеріне қатысты жаза қолданылмайтынын білген. Інімнің айтуынша, полиция қызметкерлері келген кезде, олардың көлігін көріп, күдіктілер оны одан бетер ұра бастаған. Дмитрий жазған түсініктеме жоғалып кеткен. Оның орнына тергеуші қинап басқа қағазға қол қойдырған», – дейді жігіттің әпкесі Наталья Кунщикова.

Бұдан кейін ІІД тергеу ісін жүргізген. Аталған факт тіркелген.

«Қылмысқа қатысы бар екі қызметкерлер жұмыстан қуылды. Болып жатқан жайтқа байланысты шара қолданбаған қызметкер лауазымынан айырылды. Тағы да басқа құзырлы орган қызметкерлері жазаға тартылды», дейді Жанатай Сембеков, Қарағанды облысының ІІД баспасөз хатшысы.

«Бұзақылық» бабы бойынша сот алды тергеу ісі басталғаны Дмиртрийдің отбасын қанағаттандырмайды. Аталған күдіктілерден бөлек түсініктемені қайта жаздырған тергеуші мен жігітті қорқытқандар жаза тартулары керек дейді туыстары.

«Қазір жұмыстан қуды. Бірақ бұл жаза емес. Олар жігітке қысым көрсетіп, денесіне жарақат түсірген. Бұның салдары неге әкелетінін де білмейміз. Оларды тек ғана жұмыстан қумай, қажетті жаза қолдануларын сұраймыз. Және біздің облыстық полиция қызметкерлерінің ір-әрекеттерін бақылауға алса дейміз», – дейді әпкесі.

Жас жігітке әлі бірталай уақыт оңалуына қажет. Және көптеген медициналық тексерістен өтуі керек. Дүкен сатушылары – төбелестің куәләрі – ендігі куәлік етуден бас тартуда. Бірақ Наталья мен інісі соңына дейін баруға дайын. Әлеуметтік желіде қолдау көрсеткен қарапайым халыққа алғыстары шексіз.

Қазақстандықтардың көбі полиция қызметкерлеріне шағым түсіретінінен ІІМ хабардар. Мұндай шағымдар дұрыс екенін онда біледі. Тек биыл бір жылдың ішінде құзырлы органдардан 600-ге жуық қызметкерлер қуылған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау