Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер соттың рұқсатынсыз жүргізуші құқығынан айыра ала ма

Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлеріне сот шешімінсіз жүргізуші куәлігінен айыруға өкілеттілік беру туралы ұсыныстан бас тартты.

Полицейлер соттың рұқсатынсыз жүргізуші құқығынан айыра ала ма

Бұл туралы 31 арна хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Департаменттің айтуынша, тәртіп сақшыларының мойнына мұндай ауыртпалық салудың қажеті жоқ. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әкімшілік кодекске өзгерістер енгізу туралы ақпарат жарияланған болатын. Жоба бойынша әзірлеушілер – Әділет министрлігі бірқатар функцияларды ІІМ-нің сотына беруді жоспарлап отыр.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға түзетулер енгізу тұжырымдамасы желінің ең талқыланатын тақырыптарының бірі болды. Полицейлерге жүргізуші құқығынан айыруға рұқсат беру идеясын қазақстандықтар теріс қабылдады. Бұл жөнінде ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қол астындағы қызметкерлерінің жүргізуші құқығынан айыру туралы іспен айналыспауы керек екендігін түсіндірді.

«Азаматтардың құқықтарын шектейтін жүргізуші құқығынан айыру, әкімшілік қамауға алу және сол сияқты басқа да шектеулер тек сот тәртібімен шешілуі тиіс. Бұл біздің ұстанымымыз»,-дейді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Әзірлеушілердің пікірінше, түзетулер енгізудің себебі – заңнаманы жетілдіру. Әділет министрлігі Әкімшілік кодексте адамгершілікке қатысты жазалауды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Дәл осы айрықша құқықтардан айырумен байланысты ҚР кодексінде бап бар. Арнайы құқықтар тек жүргізуші куәліктері ғана емес, сондай-ақ аң аулау, балық аулау, қаруды және басқа да заттарды сақтау екенін түсіну керек.

«Жобаны әзірлеу барысында барлық тәуекелдер назарға алынады. Оның ішінде жемқорлық. Сондықтан министрлік арнайы сот қандай да бір ерекше құқықты уәкілетті органдарға береді деп айтпады. Қазір біз кейбір арнайы құқықтардың қарауға жіберілетіні туралы айтып отырмыз. Бірақ қандай құқықтардың қаралатыны тұжырымдаманы бекітетін кезде талқыланады»,-дейді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры Мейіржан Алпысбай.

Айта кетейік, жобаның тұжырымдамасы 12 сәуірден бастап электронды үкіметтің веб-сайтында ашық талқылануында тұр. Содан кейін сарапшылар мен қоғам қайраткерлерінің пікірі ескерілетін бұл түзетулер арнайы комиссияда қаралады.

Оқи отырыңыз:

3-уі жарақат алып, біреуі көз жұмды: Астанада терезеден құлаған балалар тағы көбейді 

Көкшетауда келіншегін қасақана өлтірген азамат 11 жылға сотталды

Ақмола облысында марихуана шеккен лауазымды шенеунік жұмыстан қуылды

Қарақшылық шабуыл: Ақтөбе облысында қаскөйлер жүк тасып жүрген жүргізушіні өлтіріп кетті

Талқылау