Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер Шымкентте жоғалған баланы ұрлаған күдіктінің бірінің есімін жариялады

Полицейлер баланы ұрлауға қатысты Ордабасы ауданының тумасы, еш жерде тұрақты мекен-жайы жоқ 1965 жылғы азиат ұлтының әйелі Сүйіндік Сандыкүл Жүргенбайқызын күдікке алып отыр.

IMG-20160221-WA0015

Бұл туралы otyrar.kz хабарайды.

Шымкентте жоғалған 6 жасар баланы іздеу барысында оны беймәлім әйелдің сабақтан соң алып кеткені хабарланған болатын.

Полицейлердің мәліметінше, күдікті әйел жоғалған баланың отбасымен ешқандай туыстық қатынаста емес. Бірақ, баланың ата-анасы жайлы жақсы білген.

ФОТО-ВТОРОЙ-ПОДОЗРЕВАЕМОЙ-2016

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары қажетті іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Аталған іс тіркеуге алынып, ҚР ҚК “Адам ұрлау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел іздестіру шара барысында баланы азиат титегі әйелдің алып кеткені анықталды. Ол 50-55 жас аралығында, бойы 160 см шамасында. Толық денелі, шашы ашық түсті. Үстіне тері қара күртеше мен басына қоңыр түсті тоқыма бас киім киген. Куәгерлердің айтуы бойынша полицейлер әйелдің фотороботын жасаған.

Бала 6-7 жаста. Арық келген, аққұба, дөңгелек көзді, шашы қоңыр қысқа, астыңғы екі тісі жоқ. Ашық қоңыр түсті күртеше, ақ жемпір пен қызыл футболка, қара шалбар мен етік киген. Және өзімен бірге өрмекші-адам суреті бар көк  түсті мектеп сөмкесі болған.

ОҚО ІІД полицейлері Қамшыбек Мұхаммедді көрген-білгендер болса, хабарласуын сұрайды.

Айта кетейік, бұған дейін 6 жасар баланы беймәлім әйелдің ұрлап кеткені жайлы хабарлаған болатынбыз. Полицейлер баланы ұрлаған адамның фотороботын да жасаған.

Талқылау