Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер өмірін қатерге тіге отырып бейтанысқа көмектескен азаматқа алғыс айтты

Жамбыл облысының полициясында ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бап 1-бөлімі (заңсыз қару сақтау) және 192-бап 3-бөлім 2-пункт (қарақшылық шабуыл) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

жігіт-құтқарды

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Еске сала кетейік, оқиға 1 мамыр күні орын алған болатын.

«Тараздың жекеменшік секторындағы үйдің қасында бетін бүркеген екі адам әйелді аңдып, қолынан ішінде ақшасы бар сөмкесін жұлып алды. Сөмкенің ішінде 2,5 млн. теңге көлемінде ақша болған. Әйел айқайлап, оларға қарсылық танытпақ болды. Осы кезде олардың жанынан «Газель» көлігі өтіп бара жатқан. Оның ішінен жас жігіт секіріп түсіп, әйелге көмекке асықты. Әйел полицияға хабарласып үлгерді», – деп баяндады «ҚазАқпарат» тілшісіне облыстық ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Қалижан Шоңғарбаев.

жігіт-құтқарды1

Оның айтуынша, тонаушылар жас жігіттің аяғына оқ атқан. Оқиға орнына келіп жеткен полиция патрулі шабуыл жасағандарды  көп ұзамай қолға түсірді. Қарақшылық шабуыл жасағандар Тараздың 1994 жылғы тұрғындары болып шықты.  Қазір олар уақытша ұстау излояторына қамалды. Сотқа дейінгі бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Жамбыл облыстық ІІД-нің хабарлауынша, құқық қорғау ведомствосы өміріне қауіп төніп тұрса да, өзіне бейтаныс әйелге көмекке асыққан 22 жастағы жігітке алғыс білдіріп, награда ұсынбақ.
«Ол дәрігерлік көмек алып, қазіргі кезде үйіне жіберілді. Мұндай батырлықты мадақтау керек», – дейді Қ.Шоңғарбаев.

 

Талқылау