Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер мен әскерилер қазынаға 20 миллион теңге салық төлемей отыр

Салық төлеуден полицейлердің өзі жалтарып жүр! Алматылық тәртіп сақшылары мемлекетке қыруар қаржы қарыз болып шықты,-деп жазды КТК арнасы.

салық

Ішкі істер департаментінің 400-ге жуық қызметкері міндетті салықты жылдар бойы төлемей келіпті.

«Салық Кодексі бойынша біз салық төлеушілерді олардың санатына қарай бөлмейміз ғой, мысалы мемлекеттік қызметші ме, басқа ма, бәріміз салық төлеуші болғандықтан, берешегі бар болса біз хабарландыру жібереміз»,-дейді Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы  Заңғар Шыңдалы.

 

Полицейлердің қазынаға берешегі 11 миллионнан асқан. Тек сақшылар емес, салық төлеуден әскерилер де жалтарып жүр екен. Яғни, 500-ден астам әскери қызметкердің мемлекетке қарызы 8 жарым миллионға жуықтапты.

Қазына төлемінен қашып жүргендер қатарында Ұлттық банктегілер де бар. 47 банкирдің берешегі 1 жарым миллионға жуықтап қалған. Ал салықшылар бұл қызметкерлердің жұмыс орнына ескерту жіберіпті. Енді төлемнен жалтарғандардың 30 күн уақыты бар.

Осы 1 айдың ішінде қарызынан құтылмаса, бұл үшін сот алдында жауап берулеріне тура келмек. Айта кетсек, биылдан бастап салық заңдарына өзгерістер енгізілген. Енді, осы жыл үшін мүлік және жер төлемін 2018-ші жылдың қазанына дейін төлеуге болады. Ал, көлік салығы өзгеріссіз қалды. Оны жыл соңына дейін беру керек.

Оқи отырыңыз:

Баян Мақсатқызы соңғы 15 жылда душқа жалғыз түспегенін айтып жұртты күлдірді

Алуа Қонарова әріптесі Баянның кітабы туралы ойымен бөлісті

Бір топ күзетшімен жүретін Ninety one тобы кімнен қорқып жүр?

Баян Есентаева тағы да Алматы әкімдігіне шағымданды (видео)

Талқылау