Полицейлер Қапшағайда мүгедек әйелді қорлаған балаларды тапты

Алматы облысының полиция қызметкерлері Қапшағайдағы автобус аялдамарының бірінде мүгедек әйелді қорлап, мазақ қылған баланың аты-жөнін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Полицейлер Қапшағайда мүгедек әйелді қорлаған балаларды тапты

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция сонымен қатар, видеодағы екінші балаға қатысты да материал жинайтын болады.

«Полицейлер жүргізген жұмыстың нәтижесінде автобус аялдамасында отырған әйелді қорлаған балалардың аты-жөні анықталды. Екі бала да кәмелеттік жасқа толмаған. Олардың бірі 2008 жылы туған және биыл үшінші сыныпты бітірген. Өзі толық емес отбасында тәрбиеленеді, сондай-ақ үйдің үлкені. Одан кейін үш жасар қыз және жасқа толмаған тағы бір бала бар. Ал, екінші бала басқа аймақтың тұрғыны болып шықты. Оның да аты-жөні анықталды. Ол баланың отбасына да тура осындай әкімшілік хаттама толтырылатын болады», – деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев.

Ол сондай-ақ осы балалардың ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы құжаттар дайындалып жатқанын айтты. Бұл бап бойынша жазаға тартылғандар жетіден 20 АЕК түрінде айыппұл төлейді, бұл 16 835-ден 48 100 теңгеге дейін.

Айта кетейік, бүгін жас баладан қорлық көрген әйелдің кім екені анықталған болатын. Дегенмен, бүлдіршін мазақ еткен әйел өзін қорлаған балаға арыз жазбайтын айтты.

Естеріңізде болса, бұған дейін желіге тараған видеода жас бала мүгедек әйелдің берген йогуртын ішіп алып, кейін қалдығын бетіне шашып кеткен сәті түсірілген. Оған әйел қарсылық танытпады.  Балағаттай жөнеліп, үстіне су шашқан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар