Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер қалта ұрыларынан сақтану үшін тұрғындарға бірнеше кеңесін айтты

Астана қаласы ІІД криминалды полиция басқармасынң басшысы Дамир Копаштың айтуынша, қалта ұрлықтары сауда үйлерінде, қоғамдық көліктерде болады. Қоғамдық тамақтанатын орындарда да жиі болады.

Қоғамдық көліктерде ұрлау фактілері, әсіресе, кептеліс кезінде жиі болып жатады. ІІД тұрғындарды сақ болуға шақыра отырып, кеңесін айтты. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Көпшіліктің көзінше әмияннан ақша санамаңыздар. Супермаркеттерде корзина ішіне жеке заттарыңызды салмаңыздар. Әмиянды ішкі не төс қалтаға салыңыздар. Сізге жақындай беретін адамдардан сақтаныңыз. Қоғамдық орында тамақтанып отырып, ақша мен жеке заттарыңызды қалдырмаңыздар. Тіпті ілулі тұрған киімнің қалтасына салмаңыздар. Ұрылар өз киімін ілгендей болып, өзгенің затын алып кетеді», – дейді полицейлер.

Полицейлер затын ұрлатқан тұрғындардан дереу полиция хабарласуын сұрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау