Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер кафе, дүкен тұрақтарына бәрінің көлік қоя алатынын ескертті

Алматылық полицейлер кафе, мейрамханалар мен дүкендер алдына өзгенің көлігін қойғызбайтын иелеріне ескерту жасады, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

iSvj7zH3snVo

БАҚ өкілдері мен тәртіп сақшыларына олар тұраққа көлік қойғызатындарын айтқанымен әдетте иелері өз келушілерінен басқа қарапайым халықтың көлігін ғимарат алдына қойғызбайтыны белгілі.

Олар полицейлерге бәрінің көлігін қоюға рұқсат беретінін айтады.

Ал, белгілерді неге қойып тастағансыз деген полицейдің сұрағына: «Көліктерді дұрыс қоя үшін. Сызықтардан асып кетпесін деген ескертулер» деп ақталады.

Алайда мұндай қонақжайлық ұзаққа созылмай, олар өзгелердің көлігін қойғызбай жатады. Оқиға орнына жеткен полицейлер мән-жайды анықтамастан мұндай жағдайда айыппұл салады.

«Кафе маңы, қоғамдық асханалар деген секілді ғимарат алдына иелері жеке анықтама табақшаларын қоя алмайды. Көлікті тұраққа қоймау жөніндегі белгілер, баннерлердің бәрі заңсыз», – дейді Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІД полиция бөлімі ЖПҚ бөлімшесінің басшысы Қуаныш Жайсанбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда балалар 10 жасынан бастап ішімдік іше бастаған

Қыздың құлағын не себепті тесетінін білесіз бе

Британдық азамат жағалаудан тапқан су перісінің суреттерін желіге жариялады (фото)

 

Талқылау