Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер алматылық метроға бамба “қойған” адамның кім екенін анықтады

Полиция қызметкерлері алматылық метрополитенге бомба қойылды деген хабарлама жасап телефон соққан адамның тұлғасын анықтады.

1464534

Фото: Sputnik Қазақстан

“Ішкі істер органдарының, Алматы мен Алматы облысының арнайы қызметінің күш біріктіруімен жарылғыш зат қойылды деп хабар берген адам ұсталды, ол Сарқанд қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны, ол бұл қылмысқа бұзақылық ниетпен барған”, — делінген Алматы ішкі істер департаментінің ресми хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу барысында телефон соққан адамның терроризм актісі жайлы жалған хабар беру дерегі бойынша әрекетіне құқықтық баға беріледі және оның кінәсінің деңгейі анықталатыны хабарланады.

Дүйсенбі, 24 сәуір күні метроға бомба қойылды деген ақпарат келіп түсті. Барлық станциялар жабылып, жолаушылар жедел түрде қауіпсіз жерге көшірілді.

Еске сала кетейік,  кеше сағат 19-дар шамасында полицияға анонимді телефон хабары түсіп, метро стансаларына жарылғыш зат қойылғаны туралы айтылған. Осыдан кейін полиция метродағы барлық жолаушыларды эвакуациялады.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбелік суррогат аналар қызметі үшін 2,5 млн теңге алады

Жалдамалы баспана енді халықтың екі санатына ғана беріледі

2 млн теңгені иесіне қайтарып берген азаматқа компания басшысы сыйақы берді

Талқылау