Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер Алматы әуежайында тыржалаңаш жүрген ер адамды ұстады (видео)

Алматы әуежайы аумағында тыржалаңаш жүрген ер адам “кішігірім бұзақылық” бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлайды.

Безымянный

Қоңырау түскен бойда полицейлер әуежайға барады. Бірақ, әлгі ер адамның сыртқы келбетінен оның қандай күйде екенін білу оңайға түспеген.

“Оған көлікке отыру ұсынылған, алайда ол қаша жөнеледі. Дереу ұстаған полицейлер оны қызметтік көлікке отырғызып, Түрксіб аудандық полиция бөлімшесіне алып келді. Кейін белгілі болғандай ол бұрын бірнеше рет сотталған 1976 жылы туған ер адам екен”, -деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Кейін оның әрекетіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылады. Бұған дейін Шымкентте көше бойымен тыржалаңаш жүрген қыз туралы ақпарат жариялаған болатынбыз.

Оқи отырыңыз:

Оңтүстіккореялық әнші PSY тағы да YouTube-ты «шулатып» жатыр

“Көңілсіз компания”: Илон Маск кептеліс мәселесін туннель арқылы шешпек (видео)

Ағылшынша ән айтқан танымал әншінің қызы желідегілерді таңдай қақтырды (видео)

Бесбаев пен Арынбаевтың жаңа әні тыңдармандардың көзіне жас келтірді (видео)

Талқылау