Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық полицейлер 1 миллион 300 мың долларға қайық сатып алды

Үкімет жаппай үнемдеу керек деп жар сап жатқанда, Атыраулық полицейлер 1 миллион 300 мың долларға қымбат қайық сатып алыпты.

787n0oPB

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Бұл катердің қымбат болу себебі заңсыз балық аулаушылардың зәре-құтын қашыратын қайықтың жылдамдығы қатты екен және  Италияның танымал инженер дизайнері Фабио Буцциге тиесілі болған.

Жоғары жылдамдықпен жүзетін қайықты Атырау облыстық Ішкі істер департаменті материалдық-техникалық базасын күшейту үшін облыстық әкімдіктің жергілікті бюджетінен бөлген қаржысына алыпты. Бірақ құзырлы орган қызметкерлері миллиондаған долларға алған су көлігін қымбатсынып отырған жоқ. Керісінше, жұмыста пайдасы көп тиді дейді.

Каспий теңізіндегі браконьерлікпен күресу мақсатында сатып алынған анау-мынау емес, итальялық катер  өте жүрдек, су үстінде сағатына 120 шақырымға дейін жылдамдық арттыра алады дейді. Сондай-ақ, қос моторлы, жоғары жылдамдықты, 8 адамдық жүзу құралының бұған дейін тек Жерорта теңізінің жылы суына ғана жарайды деген ақпаратты жоққа шығарып, біздің климатқа да  сай келетінін айтады.  Тіпті бюджет қаржысына алынған қайықта жасалған жұмыстың кішігірім статистикасын жасап та қойыпты. Мысалы, екі жылда шетелдік қымбат қайықтың арқасында заңсыз ауланған  160 тонна балық, оның ішінде 5 тоннасы бекіре тұқымдас болса, 200-ге жуық жүзгіш құралдары тәркіленген.

 

Талқылау