Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейге зәрін шашқан ер адамға қатысты сот шешім шығарды

Былтырғы жылдың желтоқсан айында полицейдің үстіне зәрін төккен жезқазғандық азамат екі жыл бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

r
Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 2015 жылы желтоқсанның басында орын алды. Қылмыстық істің құжаттарына сүйенсек, 21-жастағы полиция сержанты Төлеген Игібеков жол-патрульді полициясының экипажымен бірге заңға бағынбаған, күмәнді «Хюндай» автокөлігін нысанаға алған. Қайрат Елубаев жүргізген көлікті полиция қызметкерлері тек Кеңгір ауылына жеткен кезде тоқтата алған.

Заң бұзушыны полицейлер қан құрамында алкогольдің бар-жоқтығын анықтау үшін наркологиялық диспансерге жеткізген. Сараптама қорытындысымен келіспеген Елубаев несеп анализін тапсыруды талап еткен. Дәретханадан анализін алып шыққан Елубаев онысын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үстіне шашып жіберген. Сосын полиция сержанты Төлеген Игібеков оны шапалақпен тартып жіберген еді.

2016 жылдың сәуір айында Жезқазған қалалық соты Төлеген Игібековті бес жыл бас бостандығынан айыру және қатаң режимді түзету колониясына қамау туралы үкім шығарған болатын. Соттың үкімін сот алқасы қарап шыққаннан кейін, оның жазасы жеңілдетілген. Ақырында экс-полицей сот залында босатылған еді.

Ал Қайрат Елубаевтің үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

“Сот 30-жастағы Қайрат Елубаевті кінәлі деп танып, екі жыл бас бостандығынан айыру және 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарды. Елубаев Қылмыстық Кодекстің төрт тармағына сәйкес 6 эпизод бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды: «Билік өкілін балағаттау», «Билік өкіліне бағынбау», «Билік өкіліне қатысты күш қолдану», «Бұзақылық», – деп мәлімдеді облыстық сот баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлбаршын Жітікова.

Сотталушы Елубаев өз кінәсін толықтай мойындады. Сот оның нәрестесінің бар екендігін ескеріп, жазасын жеңілдеткен.

«Қазақстанда, оның ішінде, әсіресе, Жезқазғанда әділдік жоқ. Оның жазасы тым жеңіл. Оны шапалақпен ұрғаным үшін маған бес жыл берді. Ал мынадай тармақтар бойынша жауапқа тартылған оған небәрі екі жыл. Бұл тым жеңіл жаза», – деді экс-полицей Игібеков.

Оның сөздеріне сүйенсек, 2016 жылдың маусымында басталған сот процесі мемлекеттік айыптаушылар ауысқандықтан және сотталушының аяқ астынан ауырып қалғандығынан кейінге қалдырылып отырған.

«Негізі екеуміздің ісімізді бірге қарастырулары керек еді. Алайда екеуміздің үстімізден екі бөлек іс қозғалды. Егер екі істі біріктірсе, оның жазасы ауырлай түсер еді», – деп мәлімдеді Игібеков.

Сонымен қатар, экс-полицей бостандыққа шыққалы бері жұмыс таппай жүргендігін айтты. Ол екі баланың әкесі. Кішісі алғашқы сот үкіміне шағым түсіруден бірнеше күн бұрын ғана дүниеге келген.

«Жұмыссызбын, шартты түрде бес жылға заң алдында жауаптымын. Мені кім жұмысқа алар дейсіз? Ешкім көмектесіп жатқан жоқ. Қызметімді қайтарып береді деп уәде берген, алайда ол да жоқ. Шынымды айтсам, енді Қазақстанда әділдік бар дегенге сенбеймін. Бізде сот әділдігі деген мүлдем жоқ», – деп түйіндеді сөзін Игібеков.

Полицейге үкім шығарылғаннан кейін, ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов Жоғарғы сотқа қызметкердің жазасын жеңілдету туралы өтініш хатын жолдаған болатын.

Еске салайық, қалалық жол-патрульдік полициясының қызметкері мас жүргізушіні шапалақпен ұрғаны үшін сотталған болатын. Жүргізуші қанында табылған алкогольді көрсеткен куәландыру қорытындыларымен келіспей, зәрін сержантқа шашып жіберген. Осы кезде сержант оны шапалақпен ұрған. Кейін жүргізуші қамалып, кепілақымен босатылған. Осыдан кейін 5 жылға сотталған полицейдің әйелі мәлімдеме жасаған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-бала ұрлап елді дүрліктірген әжейге қатысты сот шешімі шықты

Нәрестесін қоқыс жәшігінде қалдырып кеткен студентке қатысты сот үкімі шықты

Шымкентте 4 адамды қаққан 20 жастағы Астана тұрғынына іздеу жарияланды

ОҚО-да 27 жастағы сатушы әйел жоғалып кетті

Талқылау