Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда Porsche Cayenne жүргізушісі полицейді ұрғаны үшін сотталды

Сараптама қорытындысы анықтағандай 33 жастағы Артем Чолоян тәртіп сақшысының мұрнын сындырған. Қылмыстық іс материалы бойынша 23 сәуір күні таңғы сағат алтыда жол-патрулдік полициясының ескертпесінен соң тоқтаған “Порше кайен” көлігінің жүргізушісі бордюрге барып соққан.

ымым

Бұл туралы top-news.kz хабарлайды.

Құжаттары мен көлік жүргізу куәлігін көрсетуден бас тартқан соң оны №7 стационарлық бекетке алып барады. Қызметтік көлікте отыру барысында да ол қашып шығып кетпекші болып, тәртіп сақшысымен ерегісе бастайды.

Бұдан соң бір полицейдің бетінен жұдырықпен ұрады. Нәтижесінде тәртіп сақшысының мұрыны сынған. Чолоян бірден ұсталып, тергеу изоляторына отырғызылады. Оның әрекетіне байланысты ҚР ҚК 380 бабы 2 бөлімі негізінде іс қозғалады.

Судья Чолоянды екі жылға бас бостандығынан айырып, оған арнайы бақылау тағайындады. Ол өзіне кесілген жазаға байланысты, “бұл әсери құпия” деп қысқа қайырды.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Талқылау