Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицей пара ретінде айфон талап еткен

Күзет қызметінің отряд командирі Алтай Сұлтанов пара алғаны үшін сот алдына келді. Ол қол астындағы бағынышты қызметкерден телефон талап еткен.

3fae5b04-238b-498e-a9ab-9e1a32491628

Фото: i16.kanobu.net

Бұл туралы kerek-info.kz хабарлайды.

Іс құжаттарына сәйкес, Алтай Сұлтанов тәртіптік жазадан сақтап қаламын және қамқорлық көрсетемін деп бағынышты қызметкерден айфон S5 талап еткен.

Басшының айтқанына қарсы шыға алмаған полицей банк карточкасынан ақша алып, дүкенге барған. Содан ол айфон сатып алып, Сұлтановқа табыстап жатқан. Дәл сол мезетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері Сұлтановты ұстайды

Талқылау