Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицей қызметінен кетпеу үшін 15 келі салмақ тастаған

Ішкі істер минитрлігінің қызметкері лауазымын сақтау үшін салмақ тастаған. Оған министрліктің артық салмақты қызметкерлерді жұмыстан шығару туралы бұйрығы әсер еткен.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, Asia-Plus-қа сілтеме жасап.

Тәжікстанның ІІМ қызметкері лауазымын сақтап қалу үшін осындай әрекетке барған.

«Кадрлар бөлімі басшысы Сухроб Рахмонзода  министрліктің артық салмақты қызметкерлерді жұмыстан шығару туралы бұйрығынан кейін 15 келі салмақ тастаған», – дейді Тәжікстан ІІМ басшысы Рамазон Рахимзода.

Оның айтуынша, Тәжікстан полициясында 20 қызметкер артық салмағы үшін қызметтен босатылған. Оларға қайта жұмысқа қосылу үшін азу керек болады.

Аталған бұйрық 2016 жылдан бастап күшіне енген. Белгіленген нормаға сәйкес қызметкер бойы 168-170 және салмағы 75 келіден аспауы керек.

Тәжікстан ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құқық қорғау органы қызметкерлері аптасына 3 рет 5 шақырым жүгіреді.

Тағы оқыңыз:

Ғалымдар күннің жақында сөнетінін болжады

Ер адам әйелінің бүйрегін өзіне білдірместен сатып жіберген 

Балабақша тәрбиешілері балалар қасының ортасындағы түкті жұлып тастаған 

11 жастағы бала досын мұздан құтқарып өзі ажал құшты 

Талқылау