Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицей киімін киіп, қызойнақ өткізген қыздар жауапқа тартылды (фото)

Оралда полицейдің киімін киген екі қыз ұсталды. Екеуі де полиция бөлімшесіне жеткізілді.

0bc2d0dc703cccaaa67f2c8b59b9fd0b

Жергілікті полиция қызметі хабарлағандай, оқиға жастар күнін тойлау кезінде Қадыр Мырза Әли атындағы алаңда болған. Полицияның киімін киген қыздар полицейге тұрмысқа шыққалы жатқан құрбыларына қолдау көрсетпекші болған екен.

«Сағат 21.00 шамасында екі қызды қолға түсірдік. Содан 15 минут бұрын ғана екеуі қарапайым киімде болған. Бойжеткендердің полицейдің формасын қызойнақ үшін кигендері анықталды», – деді Орал Ішкі істер басқармасы полиция қызметінің басшысы Мүслім Жәрдемов.

85dcf8788e0d83af57c4098b8e399db4

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 675 тармағына (Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) сәйкес, қыздардың үстінен әкімшілік хаттама толтырылды.

«Арнайы әкімшілік сот қыздарды аталмыш тармақ бойынша кінәлі деп тауып, 5 айлық есептік көрсеткіш  – 10605 теңге көлемінде айыппұл белгіледі. Соттың шешімімен полицейдің киімі тәркіленді», – деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Гүлмира Кенжеғалиева.

Жіберіп алмаңыз: 

Айнұр Ілиясова кино стиліндегі ерекше қызойнақ өткізді (фото)

Тұрмысқа шыққалы жүрген Санда құрбыларымен “қоштасты” (видео)

 

Талқылау