Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық қалтасына полицей әдейі есірткі салғаны үшін министрліктен млн. теңге өндіріп алды

Павлодар тұрғыны Юрий Кукшин Қаржы министрлігінен өзін жазықсыз қамауға алғаны үшін миллион теңге өндіріп алды.

photo_88710

Сурет nnm.me

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ер адам тергеу оқшаулағышында екі жылын сарп еткен. Оны есірткі саудалады деп айыптаған. Алайда тергеу есірткіні ер адамға полицейдің өзі жасырын салып жібергенін анықтаған.

Өзінің кінәсіздігін Юрий Кукшин жедел видео арқылы дәлелдеген. Видеода полицейдің есірткіні салып жібергені айқын көрініп қалған. Сот полиция майорын кінәлі деп тауып, темір торға тоғытты. Одан бөлек тәртіп сақшысы екі миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Алайда ол бұл сомадан Кукшинге тек он бес мың теңге ғана беріп, тіпті бүгінде бостандықта жүрген көрінеді.

“Кукшин Юрий он миллион теңгені моральдық нұқсан үшін талап етті. Істі қарастыра отырып, сот арызданушының талабын жартылай орындауды және миллион теңге өтемақы төлеуді дұрыс деп тапты. Ал өтемақыны төлеу Қаржы министрлігіне жүктелді”, – дейді Павлодар қалалық сотының баспасөз хатшысы Рауан Бейілғожин.

Талқылау