Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицей дәретханадан табылған баланы асырап алушы жұпқа сенбейтінін, олардың әрекеті жалған екенін айтты (Видео)

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданының ІІБ тергеушісі Күмісбеков Елжанның айтуынша, дәретханадан табылған баланы асырап алушы жұп жалған әрекет жасап жүр.

Бұл туралы Stan.kz сайтының Жамбыл облысындағы тілшісі хабарлайды.

Дәретханадан табылған сәбиді бауырына басқысы келген Елена мен Ескендір Ахметовтер “Жамбыл-Тараз” газетінің редакциясы хабарласып тұрды. Жанұя құрғанына 4 жылдың жүзі болса да сәби сүюге зар болған жұпты қолдап, жамбылдық БАҚ өкілдері Ахметовтермен хабарластық. Одан өзге кісілердің бала асырап алу туралы өтінішін естімедік. Жаңалық десе жар құлағы жастыққа тимейтін журналисттер кім үшін болса да қарап қалмас еді.

Туыла сала тағдыры талқыға түскен Жансаяны екі күн бойы Елена мен Ескендір Тараздағы “Үміт” балалар үйінің алдында тосты.

Ата-ана болуды аңсаған қос жұп пен Жансая бүгін кездесті. Жансаяны алып келе жатқан көліктің қарасы көрінген сәтте-ақ Еленаның жанарына жас тұнып, өксігін баса алмады. Ал сол жерде өзін Елжан Күмісбеков, тергеуші деп таныстырған азамат бізге былай деді… Бұл кісінің түсінігінше біз, жамбылдық БАҚ өкілдері арнайы “Жансаяны асырап ал” деп бір әйелді алып келген сияқтымыз.

Бұл тағдыр емес пе? Тағдырға таяз түсінікті адамдар қашанғы тосқауыл болар екен?! Сонда дәретханадағы баланы көргеннен жан дүниесі алабөтен күй кешіп, “түнімен осы сәби туралы түс көремін, оянсам өңімнен кетпейді” деп Жансаяға емірене жылаған ананың көз жасының жалған болғаны ма?

Талқылау