Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Сүйгенде пластмасса сары тазиктің дәмі шығады": Жахан Отарғалиев ернін үлкейтетін қыздар туралы

Қазақстандық актер Жахан Отарғалиев 34 жасқа келсе де, неліктен шаңырақ көтермей жүргенін түсіндірді. Айтуынша, әзірге табиғи сұлулығын бағалайтын қыздар кездеспей жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Эфир бағдарламасына сілтеме жасап. 

Alt

Десе де, актер барлық қазақтың қызын жаман деп айтуға қимайтынын жеткізді. 

«Барлығына бірдей топырақ шашпай-ақ қояйық. Менің бір дос балам «Неге үйленбейсің?» деп сұрағанымызда «Мен бірінші қасын жұлмайтын қыз тауып алайын» деп айтқан болатын. Шынайылық пен табиғи әдемілікке жететіні жоқ. Еріндерінің ішіне бірнәрсе құйып алып «Жаһан» десе, мен бірден сөйлеспеймін. Яғни мен оны «серьезно» қабылдай алмаймын. Жасыратыны жоқ қыздарды кездесуге киноға шақырамын. Телефонмен бірден «Өтініш, боянбай шықшы» деп айтамын. Бірақ боянып шыққаны дұрыс екен», - деп күлді ол. 

Әрі қарай Жахан Отарғалиев ернін жасанды жолмен үлкейтетін қыздарға тоқталды. Айтуынша, олармен сүйіскен кезде өзін жайсыз сезінеді. 

«Пластмасса сүйіп жатқандай боламыз. Кішкене бізді де ойласаңдаршы, қыздар. Пластмассаның дәмі шығады, мен көрдім ғой. Кәдімгі пластмасса сары тазиктер секілді», - дейді Жахан Отарғалиев. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр