Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пластиканың арқасында: Роза Рымбаева жас көрінуінің құпиясын ашты

Былтырғы жылы Роза Рымбаева 60 жасқа толды. Алайда Халық артисін алпысты алқымдаған зейнеткер деп ешкім айтпайды. Ал Роза Қуанышқызының өзі пластикалық отаның арқасында жас көрінетінін жасырмай айтты.

Роза Рымбаева

Бұл туралы ол ресейлік “Собеседник” басылымына берген сұхбатында айтқан, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Менің жасымда бетке ерекше күтім қажет. Әжім түседі дегендей. Әрі мен актрисамын. Жасым келсе де, әрқашан батыл әрі қызықты болуым керек. Әрине, тұқымым да жақсы. Бірақ қазір пластикалық хирургияның мүмкіндігі көп. Мен оған қатты әуес емеспін, бірақ пластикасыз болмайтынын да түсінемін. Бірақ бәрін асқан сақтықпен жасау керек, ешкім байқамай қалатындай”, – дейді Роза Қуанышқызы.

Бұдан өзге, Халық артисі ұлдарымен жалғыз қалған кезде қиналған кезін еске алды. Үнемі гастрөлде жүргендіктен, олардың тәрбиесі мен болашағы үшін қатты алаңдағанын жасырмады. Ол келін түсіргісі келіп жүргенін айтып қалды. Десе де, балаларының таңдауына араласпайтынын мәлімдеді.

“Бір күні “мінеки менің қалыңдығым” деп алып келер. Мен не істей аламын? Маған тек сол аруды қабылдап, жақсы көру ғана қалады”, – деп түсіндірді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау