Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық блогер Солтүстік Кореяға жасаған саяхатындағы әсерімен бөлісті (фото)

Солтүстік Корея астанасы Пхеньянға барған қазақстандық блогер Уәлихан Қарасаев, зеңгір көкпен таласқан көп қабатты ғимараттарды көріп таң қалған. b0577bc5c913ea0ffc14fa831900623f

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Отандасымыз алдымен мемлекеттің көшбасшылары саналатын Ким Ир Сен мен Ким Чен Ирдің ескерткіші орнатылған Мансу-Дэ орталығына барады. Қоладан құйылған көсемдердің мүсіндері 22 метр екен. 91998ebba0c65953bc4b1c1281c5a838 ae3f009594ce0251faf19fc3a73068dc f53f34b8414444715e5a903d01d25517

Қала ортасына жаңа тұрғын үй ауданы салынған. Бұл жерде дүкен, кафе, мейрамханалар бар. Қалада 3 миллион адам өмір сүретініне қарамастан, блогер Пхеньянға жасаған саяхаты барысында мүлде көлік тығыны болмайтын көшелерді де көріпті. Көпшілік адам қоғамдық көліктердің қызметін пайдаланады. Ал қалада жексенбі күні ешкім көлік айдамай, адамдардың барлығы жаяу жүреді.3b8e4c26d1ac0f18a2eeb87ef7a0c82a 4a512548bec64bf0bd24f6c19896bfdb 9db25f06dfe6115801b5dfd611fbb134 d58362b68993686897c3614b99b3724d

Қалада кең көшелер мен биік үйлер көп. Блогер, бұл шаһарда қылмыс атаулының кездеспейтінін де атап өтіпті. Бейтарап саясат ұстанатын, жабық мемлекет саналатын елге бару қызық болғанда көңілге қуаныш сыйлады, дейді саяхатшы. Көпшілік ойлайтындай, Солтүстік Корея халқы кедейліктен де зардап шегіп отырған жоқ.

Талқылау