Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пхеньян АҚШ пен Кореяға ядролық соққы беретінін мәлімдеді

КХДР дүйсенбі күнге жоспарланған АҚШ пен Оңтүстік Кореяның кең ауқымды әскер жаттығулары кезінде өзіне қауіп төнетін болса, Сеул мен Вашингтонға ядролық қарумен превентті соққы жасайтынын мәлімдеді.

l-139705

Сурет svpressa.ru

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Солтүстік Кореяның қорғаныс комитеті жариялаған бұл мәлімдемеде Пхеньянның бұған толық шамасы келетіні айтылған.

«Әділдік үшін берілетін превентивті соққы Корея халық армиясы жоғары басшылығының мәлімдемесіне сай жасалады», – деп мәлімдейді Корея орталық телеграф агенттігі.

Пхеньян АҚШ пен Оңтүстік Кореяның Key Resolve және Foal Eagle деп аталатын кең ауқымды әскери жаттығуын КХДР-ге қарсы жасалған агрессияның бір көрінісі деп бағалап отыр. Жаттығу барысында АҚШ Корей түбегіне B-2 Northrop B-2 Spirit бомбардировщиктері мен стратегиялық мақсаттағы басқа да қаруларды жеткізеді деп күтілуде. Жаттығуға 15 мыңнан астам америкалық және 300 мың оңтүстіккореялық солдаттар қатысады.

Талқылау