Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пхенчхан олимпиадасына қатысып жатқан қазақстандық 10 әдемі спортшы қыз

Stan.kz сіздерге Пхенчхан олимпиадасына қатысып, әйелдер арасында Қазақстанның намысын қорғап жатқан 10 әдемі спортшылар тізімін ұсынады.

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан аймағында 23-Қысқы олимпиада өтуде. Олимпиада-2018 ойындарына тоғыз спорт түрінен 50-ге жуық қазақстандық спортшы бақтарын сынауда. Олардың 20-ға жуығы әйелдер.

Анастасия Крестова 

Шорт-трекші. Анастасия Крестова 1996 жылы 31 қаңтарда Қостанай облысында туған. Алматыда өткен Қысқы Универсиада ойындарында және Сеулде өткен Әлем кубогының IV кезеңінде қола медаль қола медаль жеңіп алды. Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысуда. Ол 500 метр қашықтыққа жарысқа шығады.

Алина Райкова

Биатлоншы. Алина Райкова 1991 жылы 14 тамызда Щучинск қаласында туған. 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2015 жылғы Қысқы Универсиада мен 2017 жылғы Қысқы Универсиаданың чемпионы, ҚР спорт шебері. 2012 жылы Контиолахтиде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жекелей жарыста 6-шы орын, 2016 жылы Ослода өткен әлем чемпионатында 8-ші орын алды. 2015-2017 жылдағы қысқы  Универсиада жеңімпазы.

Анна Шевченко

Шаңғышы. Анна Шевченко 1993 жылы 4 тамызда Павлодар қаласында туған. Үш мәрте жасөспірімдер, екі мәрте жастар арасындағы әлем чемпионатының қатысушысы. FIS кезеңдерінде екі рет алтын медаль алды. Оның бірі Кантиолахти болса, екіншісі Алматы қаласында, сондай-ақ 2 күміс және 1 қола медаль иеленді. 2013 Беларусияда өткен чемпионатта спринт сайысында қола медальмен марапатталды. 2014 жылы Қазақстан чемпионатында алтын мен күміс медаль алды. Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысуда.

Ақмаржан Қалмұрзаева

Фристайлшы. Ақмаржан Қалмұрзаева 1995 жылы 25 желтоқсанда ОҚО-да туған. 2011 жылы Азия ойындарының қатысушысы. 2017 жылы сәуір айында Еуропа кубогында 3-ші орын, АҚШ-та өткен әлем кубогы кезеңінде 18-ші орын алды.

Аяулым Әмренова

Фристайлшы. Аяулым Әмренова 2001 жылы 30 қарашада Өскемен қаласында туған. 2017 жылы Еуропа кубогы кезеңдерінде екі жүлделі орын алды. 16 жасар спортшы Олимпиада ойындарына алғашқы рет қатысуда.

Юлия Галышева

Фристайлшы-могулшы. Юлия Галышева 1992 жылы 23 қазанда Өскеменде туған. Әлем чемпионаттарының жүлдегері. 2015, 2017 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының, 2011 және 2017 жылғы Қысқы Азия ойындарының чемпионы, әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы. 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Элизабет Тұрсынбаева

Мәнерлеп сырғанаушы. Элизабет Тұрсынбаева  2000 жылы 14 ақпанда Мәскеу қаласында туған. II жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2016 жыл), Қазақстанның төрт дүркін чемпионы (2014-2017 жылдар), 2017 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері. Халықаралық конькишілер одағының 2017 жылдың 29 қазанына тиесілі рейтінгінде 8-ші орында. 2011 жылы Германияның Дортмунд қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды.

Елизавета Бельченко

Биатлоншы. Елизавета Бельченко 1996 жылы 19 ақпанда Риддер қаласында туған. Қазақстан кубогының екі дүркін жеңімпазы. Жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының жалпы есепте күміс жүлдегері. 2015 жылы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында 16-шы орын, 2016 жылы Словенияда өткен Еуропа чемпионатында спринтте 8-ші орынға ие болды. 2017 жылы Алматыда өткен Қысқы Универсиада ойындарында үздік бестікке енді.

 Екатерина Айдова

Конькиші. Екатерина Айдова 1991 жылы 30 шілдеде Қарағанды қаласында туған. Конькимен жүгіру спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының жеңімпазы, Ванкувер мен Сочиде өткен Қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы, Азия чемпионы, Алматыда өткен XXVIII Қысқы Универсиадананың екі дүркін қола жүлдегері.

Айза Имамбек

Мәнерлеп сырғанаушы. Айза Имамбек 1998 жылы, 25 ақпанда Алматы қаласында туған. Ол мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Тайландта өткен «Asіan junіor-2010» Халықаралық кубогының алтын медаль иегері, 2011 жылы Дубайда өткен «Golden Cup Dubaі-2011» чемпионатының күміс жүлдегері.

Тағы оқыңыз:

Юлия Галышева: Маған азаматтығымды ауыстырып, өзге ел атынан сынға түсуге ұсыныстар айтты

Галышева қолының сынғанына қарамастан қола алқаны иеленіп, америкалықтарды тамсандырды

Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарындағы төмен нәтиже үшін кешірім сұрады 

Арыстанбек Мұхамедиұлы Пхенчхан-2018 Олимпиадасында қазақстандық спортшыларды қолдауға келді 

Талқылау