Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Pirelli күнтізбесінің жаңа санына модельдер емес, “беделді әйелдер” түскен

Pirelli күнтізбесінің 2016 жылғы үлгісіндегі әйелдердің суреттері оқырмандардың наразылығын тудырды. Олардың модельдік стандарттарға мүлде сәйкес келмейтінін айтты. Тіпті, Chezasite басылымының негізін қалаушы Николай Турубар оларды “тозақтағы бейнелерге” ұқсатты.2

Эми Шумер

30 қарашада Лондонда Pirelli күнтізбесінің 2016 жылғы жаңа түрі таныстырылған болатын. 50 жылда бірінші рет күнтізбе беттеріне модельдер емес, әр түрлі жастағы әйелдер шықты. Әлеуметтік желі қолданушылардың бір тобы бұл әрекетті батылдық деп қабылдаса, енді біреулері бұл суретке жиіркене қарады.

3

Серена Уильямс

 

Pirelli күнтізбесінің 2016 жылғы шығарылымының авторы – атақты фотограф Энни Лейбовиц. Ол 13 күнтізбеге “Беделді әйелдерді” жариялады. Оның ішінде, БҰҰ-ның елшісі Йао Чен, кинопродюсер Кэтлин Кеннеди, коллекционер Агнес Ганд, актриса Эми Шумер, әнші Патти Смит, теннисші Серена Уильямс, модель Наталья Водянова, Ariel Investments компаниясының президенті, Джорджа Лукастың әйелі Меллоди Хобсон, режиссер Ава Дюверней, 19 жастағы фэшн-блогер тави Гевинсон және суретші Ширин Нишат бар.

913d1b43ffeb5c

Наталья Водянова

Түсірілім сахна сыртында болғанға ұқсайды. Өйткені, фонның арғы жағынан студияның кейбір жерлері көрініп тұр. Суретке тускендердің кейбірі киіммен болса, кейбірі керісінше жалаңаш түскен. Мәселен, Эми Шумер, Серена Уилиямстың бейнесі оқырмандардың наразылығын тудырды. Олардың модельдік стандарттарға мүлде сәйкес келмейтінін айтты. Анығын айтсақ, Chezasite басылымының негізін қалаушы Николай Турубар оларды “тозақтағы бейнелерге” ұқсатты.

Талқылау