Пингвин құтқарушысымен кездесу үшін жыл сайын 8 мың шақырымды жүзіп келеді (фото)
71 жастағы Жоао Перейра зейнетке шыққалы бері балық ауламен айналысады. Осымен төртінші жыл ол маусым айында Рио-де-Жанейро жағалауына барып, Дин-Дим пингвинінің келуін күтеді.
2011 жылы Жоао аштықтан жағалауға шығып қалған Магелан пингвинін тауып алған. Оның денесінде май дақтары болған. Жоао оны үйіне алып кетіп, бір апта бойы денесіндегі мұнай қалдықтарын тазалаған. Күн сайын балықпен тамақтандырған. Пингвинге Дин-Дим деп ат қойып, ол жазылған соң еркіндікке жіберген. Және сол кезде пингвинді сонғы рет көрдім деп ойлаған.
Алайда, Жоао бірнеше айдан кейін Дин-Димді көргенде қатты таң қалған. Пингвин онымен бірге үйіне барған.
Пингвин құтқарушысымен 8 ай бірге болады. Ал, басқа айларда Аргентина мен Чили жағалауларында жүреді. Пингвин жыл сайын жылы маусым басталғанда құтқарушысымен кездесу үшін 8046 шақырымды жүзіп келеді екен.
Бұл адам мен пингвин арасындағы ерекше достық десе де болады.
Жоао пингвинді өз баласындай жақсы көреді.
Оның айтуынша, Дин-Дим тек Жоаоға ғана жақын келеді екен. Одан өзге адамдарға жоламайтын көрінеді.
Ол Жоаоның тізесіне жатқанды ұнатады. Тіпті, өзін жуындырса да қарсылық танытпайды екен.
Жыл сайын пингвин маусымайында келіп, ақпан айында қайта жүзіп кетеді. Құтқарушысы мұндай жайтқа өзінің де таң қалатынын айтады. Пингвин де оны өз отбасы деп санайтын секілді.
Дин-Дим Жоаоны көргенде құйрығын қимылдап, дауыс шығарып еркелейді екен.
Пингвиннің құтқарушысына жүзіп келетін ара қашықтығы.