Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пиццаны қалай дайындау керек

Пицца – балалар мен ересектер сүйіп жейтін әлемдегі ең танымал тағамдардың бірі. Пиццаны үйде пісіру айтарлықтай оңай. Соған байланысты Stan.kz ақпараттық агенттігі үй жағдайында әзірлеуге болатын бірнеше пиццаның рецептін ұсынады.

Пиццаны қалай әзірлеуге болады

Жентектен (фарш) жасалған пицца 

Пиццаны кез келген жануар етінің тартылған жентегінен әзірлеуге болады. Сондай-ақ турамаға саңырауқұлақ, қызанақ, бұрыш, жүгері немесе зәйтүн секілді басқа да дәмді қоспаларды қосуға болады. Ал қызық бұрыш немесе ащы бұрыш сияқты салындылар итальяндық тағамға испандық реңк береді.

Жалпы, пиццаны әзірлеудің нақты ережелері жоқ, бірақ барлық рецептте ірімшік пен қызанақ тұздығы болады. Пиццаға неғұрлым көп ірімшік қосса, дайын тағамның дәмі соғұрлым хош иісті және дәмді болады. Осындай тәбет ашарлық дәмді пиццаны төмендегідей тәртіп бойынша әзірлеуге болады.

Қамыр дайындау үшін 500 грамм бидай ұны, 240 мл су, 30 г ашытқы, 4 ас қасық зәйтүн майы, 1 шай қасық тұз қажет.

Ал салмаға 250 грамм сиыр жентегі, 2 қызанақ, 4 ас қасық мексикалық консервіленген қоспа, 6 ас қасық қызанақ тұздығы, 1 пияз, 0,3 шай қасық ащы қызыл бұрыш, 1 шай қасық кептірілген итальяндық шөп қоспасы, 3 ақжелкен сабағы, 0,3 шай қасық және 200 грамм моцарелла ірімшігі қосылады.

Дайындау әдісі:

1. Пиццаның қамырын дайындаймыз. Мұндай қамырды қолмен жайған дұрыс. Ал қамыр тегіс шықсын десеңіз, онда ең соңында жайылған нанның үстінен оқтаумен ақырын жүріп өту керек.

2. Қамырды жалпақ қылып жайып, ірімшік жиегін жасаймыз. Ол үшін ірімшіктің бір бөлігін ұзын етіп турап, қамырдың шетіне ораңыз.

3. Пиязды майдалап турап және өсімдік майына қуырыңыз.

4. Пияз аздап қуырылған соң, оған тартылған етті қосыңыз. Содан кейін бәрін тұздап, ащы қызыл бұрыш қосып, піскенше қуырыңыз.

5. Жайылған қамырды табаға қойып, қызанақ тұздығымен майлаңыз. Содан кейін бетіне қуырылған жентек пен қызанақ және мексикалық консервіленген қоспаны саламыз.

Мексикалық қоспаның құрамында әдетте жүгері, бұршақ және тәтті бұрыш болады. Бұл қоспасы мұздатылған және консервіленген түрде сатылады. Бірақ барлық қоспаларды жеке-жеке сатып алып, қоспаны қалаған пропорцияда жасауға болады.

6. Ең соңында бетіне үккіштен өткізілген ірімшік және кептірілген шөптерді себіңіз. Содан кейін пиццаны 200 ° C-қа дейін қыздырылған пешке салып, қызарып піскенше күтеміз.

7. Ал дайын пиццаға балғын ақжелкен немесе басқа да көк шөптерді себіңіз.

Цезарь пиццасы

Пиццаны қалай әзірлеуге болады

Бұл пиццаны әзірлеу үшін алдымен тандури тауығын дайындап алу керек. Ал егер оны әзірлеу уақытты алады десеңіз, тандури тауығының орнына пеште немесе қақтамада пісірілген кез-келген басқа тауық рецептін қолдануға болады. Бірақ, оның құрамында міндетті түрде карри дәмдеуіштері болу керек. Себебі, дәл осы қоспа пиццаға нәзік және ерекше дәм мен хош иіс береді.

Пиццаға тауықтан басқа, әдеттегідей цезарь салатына қосылатын цезарь тұздығын дайындау керек. Бұл соустың арқасында пицца өзінің балғындығымен және жеңілдігімен ерекшеленеді.

Сондай-ақ, бұл пиццаға черри қызанақтарын қосуға болады, бірақ оның орнына қарапайым қызанақтарды жіңішке кесектерге кесіп қосқан дұрыс. Пиццадағы черри қызанағы өте әсерлі көрінеді, бірақ олар өте үлкен кесілгендіктен, басқа қоспалардың дәмін бұзып жібереді. Бірақ сіз қарапайым қызанақты жіңішке тілімдерге кесіп пайдалансаңыз, онда пиццаның дәмі жұмсақ және үйлесімді болады.

Ал, цезарь пиццасын екі түрлі қамырмен дайындауға болады. Бірақ, қандай қамырдан әзірлесеңіз де, оны мүмкіндігінше жұқа жаюға тырысыңыз. Бірақ, барлық қоспаларды қамырдың бетіне бірден салу керек, содан кейін ғана пиццаны пешке қойыңыз. Егер қамырды қалың жайсаңыз немесе оны ұзақ уақыт жылы жерге қойып, тындырсайыз, онда пицца сіз қалағандай шықпайды.

Салатты пицца піскеннен кейін бірден салуға болмайды. Әйтпесе ол жасыл түсі мен шырынын тез жоғалтады. Сондықтан, пиццаны сәл суытып, содан кейін бетіне жасыл кептірілген салатты, цезарь тұздығын және үккіштен өткізілген пармезан ірімшігін қосыңыз.

Цезарь пиццасы үшін 200 грамм тандури тауығы, 10-15 дана бөдене жұмыртқасы, 200 грамм қақталып пісірілген шұжық, 150 г қызанақ, сүтшөп салаты, 100 г пармезан ірімшігі, 200 г моцарелла ірімшігі, 80 г цезарь соусы, 1 шай қасық тұз, 4 шымшым үгітілген қара бұрыш және 500 грамм қамыр керек.

1. Пиццаны ашымаған қамырдан әзірлегіңіз келсе, оған 500 грамм бидай ұны, 240 мл су, 30 г ашытқы, 4 ас қасық зәйтүн майы және 1 шай қасық тұз қолданыңыз.

2. Дәмделген майқоспа қамыр үшін: 200 мл сүт, 2 жұмыртқа, 1 шай қасық қант, 0,5 шай қасық тұз, 500 грамм бидай ұны, 5 грамм ашытқы, 2 ас қасық зәйтүн майы қажет.

Цезарь пиццасы қалай әзірленеді

1. Жоғарыда сипатталған рецептілердің кез келгеніне сәйкес немесе өзіңіздің әдісіңізді пайладанып, пиццаның қамырын дайындаңыз.

2. Қамырды жұқа қылып жайып, зәйтүн майымен майланған табаға қойыңыз.

3. Қамырдың бетін зәйтүн майы мен цезарь тұздығымен майлаңыз. Қажет болса, қамырға аз мөлшерде кептірілген шөптер мен пармезан ірімшігіне себіңіз.

4. Жұқа қамырдың үстіне қақталып пісірілген шұжық пен тандури тауығын және туралған қызанақ қойыңыз.

5. Пиццаға моззарелла ірімшігін және бөдене жұмыртқасын қосыңыз. Содан кейін бетіне ұнтақталған қара бұрыш себіңіз.

6. Пиццаны 220 градусқа дейін қыздырылған пешке салып, 7-12 минут пісіреміз. Бастысы пиццаны пеште көп ұстамамаңыз. Себебі, бөдене жұмыртқаның сарысы сәл сұйық күйінде қалуы керек. Осының арқасында пицца айтарлықтай шырыды болады.

7. Дайын пиццаны пештен алып, сәл суыту қажет. Содан кейін пиццаның бетіне сүтшөп салат жапырақтарын қойып, үгітілген пармезан ірімшігіне себіңіз де, аздап цезарь тұздығын құйыңыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау