Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавл тұрғыны жалған ақпарат бергені үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Петропавл қаласының соты 46 жастағы облыс орталығының тұрғынын террорлық көріністе жалған ақпарат бергені үшін 2 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы СҚО ІІД-нің баспасөз хатшысы Юрий Клыков мәлімдеді, – деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

photo_28172

2015 жылдың 9 қарашасында қаланың ІІД жедел басқарма орталығына тұрғын үйлердің бірінде бомба қойылғаны жайлы ақпарат түскен. Полицейлер аталған мекен-жайды тексеріп, ақпараттың жалған екенін анықтаған. Олар ақпарат берген хабарласушыны ұстаған.

Ұсталған адам 46 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Ол бұрын да сотталған екен. Ер адам полицейлерге мас күйінде хабарласқанын айтқан.
Сот отырысында ҚК ҚК «Террорлық әрекетке байланысты жалған ақпарат тарату» бабы бойынша ер адамды кінәлі деп тауып, оны екі жылға бас бостандығынан айыруға және жазасын жалпы жүйедегі түзеу абақтысында өткізуге жаза тағайындалды.

Талқылау