Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлдық полицей ер адамды ажалдан құтқарып қалды

Петропавлда полиция подполковнигі Азат Мұхамедин жанып жатқан үйден ер адамды аман алып шығып, өртті ауыздықтады.

мвв

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Динара Сағандықованың мәлімдеуінше, түнгі уақытта үйіне қайтып келе жатқан полиция подполковнигі Азат Мұхамедин көмекке шақырған дауысты естиді.

«Бұл көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтердің терезесінен түтін будақтап жатқан кез еді. Жүргіншілерден өрт сөндіру қызметін шақыруды өтінген Азат Мұхамедин балкон арқылы пәтерге еніп, онда ер адамды тауып, түтінге толы пәтерден шығуға көмектеседі. Ал өзі болса басқа ешкім қалып қоймағанын тексеру үшін қайтадан ішкі кіріп кетеді», – деп түсіндірді Динара Сағандықова.

Көк түтінге толы пәтерде полицей жылытқыштың жанындағы киімнің бықсып, қатар тұрған компьютер техникасының жанып жатқанын байқайды. Оны электр тогынан ажыратып, күйген заттарды шығарған ол, өзі де тұншығып сыртқа атып шығады.

Санаулы минуттарда келіп жеткен өрт сөндірушілер өрт ошағының жойылғанын тіркеп, Азат Мұхамединнің батылдығына риза болысты.

Өрт өндіру бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғаныс майоры Руслан Нұртазин атап өткендей, олар келіп жеткенше өрт ауыздықталыпты.

«Полицейдің адамгершілігі мен қарапайымдылығын ерекше атауға керек. Ол тіпті өзі туралы айтуға да тартынды. Талай жылғы жұмыс тәжірибемнен байқап жүргенімдей,  өз өмірін қауіпке тігіп, жанып жатқан ғимарат ішіне ену екінің бірінің қолынан келе бермейді. Егер оның қырағылығы болмағанда, өрттің салдары одан да  зор болатын еді», – деді өрт бөлімшесінің қызметкері. 

Жіберіп алмаңыз:

Астанада полицей көпқабатты үйден құлап кете жаздаған баланы құтқарып қалды

 

Талқылау