Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлдық ерлі-зайыпты мемлекет бағдарламасы арқылы қалайша баспаналы болғандарын айтты

Жаңа жиһаз, күрделі жөндеу жұмыстары, құжаттарды рәсімдеу. Соңғы кездері Петропавлда тұратын Рыженковтар отбасы  әуре-сарсаңға салынды. Олар өз үйлеріне  көшпек. Екі бөлмелі пәтердің кілтін отағасына Шығыс-Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов өз қолымен табыстап кеткен.

15713086_1500919566599780_440631652_n

Жаңа қоныс аударушылар баспананы мемлекеттік бағдарлама аясында алды. Алайда, бұл бақытқа олар оңай жете қоймады. Тек Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде салым жинап, армандарын орындады.

«Үш жарым жыл бұрын, 2013 жылдың мамырында мен ипотека алу үшін және қай жер тиімді екенің білу үшін барлық банктердің бөлімшелерін аралап шықтым. Сөйтіп жүріп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен бір-ақ шықтым, олар бізге тиімді әрі қолжетімді заем алудың жолын көрсетті. Бірақ, тиімді несиені алмай тұрып, қажет соманың жартысын жинауымыз қажет болды. Сонымен, біз депозит ашып, ақша жинаймыз деп шештік», – деп отағасы Андрей Рыженков еске алады.

15731296_1500920613266342_983982059_n

Салымшының айтуынша, басқа банктер оған жоғарғы пайызбен ипотека ұсынған, оның үстіне артық төлемі де көбірек болыпты.  Рыженковтарға бірінші кезекте аса қымбат емес, бірақ жаңа тұрғын үй керек болды. Олар несиені 40 немесе 60 жылдық  ескі үйге емес, шағын көлемді және ас үйі бар  жаңа үй үшін төлегілері келді.

«Мен IT-маманы болып қызмет атқарамын. Жұбайым кішкентайымызбен үйде отыр. Кірісіміз де көп емес. Ақша жинаған кезде, үнемдеуге тура келді. Бірақ өз баспанаң оған тұрарлық болды. Алдыңа мақсат қойсаң, соған жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайсың ғой. Сол себепті, біз де айына 25 мың теңгеден жинап отырдық. Тіпті, 100 мыңнан аударған кездеріміз де болды. Өйткені, шотыңа қаншалықты көбірек салсаң, пулдан өту кезінде соғұрлым көп балл  жинайсың, – деп салымшы өз тәжірибесімен бөлісті.

15722773_1500918646599872_668530425_n

Жас отбасы жинақ ашып, ақша жинаған кезде, ата-аналарымен бірге тұрды. Оның үстіне пулдан өту үшін олар өтінішті бірнеше рет берген.

«Біздің 3 жарым жастағы Ярослава атты кішкентай сәбиіміз бар. Ата-анаңмен тұрған жақсы әрине, бірақ өз отбасымыз болғандықтан жеке шаңырақ керек. Соңғы девальвация есіңізде ме, ол кезде біз отбасымызбен қатты қапаланған едік. Тіпті өз жинағымызды алып алсақ па деген ойымыз да болды. Бірақ, кейін  пәтерлердің нарықтағы бағаларын көріп, жақсылап ойлана келіп, күтеміз деп шештік. Басқа банктердің талаптары өзгеріссіз сол күйінде  қалғандықтан, кейін шегінбеуге бел будық»,- дейді Андрей.

Рыженковтардың үшінші рет жолдары болды, олар жинаған балымен Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша пулдан өтті.

«Біз көп күттік, пулдан өткенімізді біле сала нысанды көруге асығып, бірден сол жаққа қарай тарттық. Ол кезде үй әлі тұрғызылмаған болатын, ал қазір бізге үйіміздің кілтін табыстады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен 6 жылға несие алдық. Ай сайын 65 000 мың төлейміз. Үш жылдың ішінде ақшамызды үнемдеп, жинап үйрендік, сол себепті несие төлеуден біз қорықпаймыз»,- дейді Петропавлдың бақытты тұрғыны.

Талқылау