Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда үлкен төбет өз иесін талап тастап, оған ешкімді жақындатпай қойды

Петропавлда алабай тұқымдас ит өз иесін талап тастаған. Тіпті, жарақат алған ер адамға бір сағаттай уақыт ешкімді жуытпай қойыпты. Салдарынан полицейлердің оны атып өлтіруіне тура келді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Петропавлда үлкен төбет өз иесін талап тастап, оған ешкімді жақындатпай қойды

Оқиғаға куә болған тұрғын Батырбек Жұмағожиновтың сөзінше, үлкен ит иесін талап тастағаннан кейін оның жанынан ешкімді жақындатпай қойған.

«Ол ауласында қансырап жатты. Ит болса қасында жүріп алды. Көршіміз киімшең, тоңғаны соншалық көгеріп жатыр екен. Алабай жолатпағасын қақпа сыртынан жамылатын көрпе лақтырдым», – дейді тұрғын.

Белгілі болғандай, үй иелері алабай итті күндіз қамап ұстап, түнде ғана босатады екен. Сол күні таңертең отанасы итті қамамақ болыпты. Алайда осы кезде ит қауып, қолын тістеп алған. Артынша әйеліне арашалап алмақ болған отағасына тап беріпті.

Сұмдық оқиға туралы біліп, ер адамды құтқармақ болған көршілері аулаға жақындай алмапты. Артынша оқиға орнына келген полицейлер итке оқ атып, өлтіріп тастады.

Қазіргі уақытта өз итіне таланған ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Медицина қызметкерлерінің сөзінше, оның беті бері қараған. Ал қолы жарақаттанған әйелі ем-дом алып, үйіне жіберіліпті.

«Қолында, аяғында, денесінде жаралар көп. Жағдайы нашарлау болғасын жансақтау бөліміне жатқызғанбыз. Жағдайы жаман емес», – дейді дәрігер Мейрам Оспанов.

Ендігі мамандар итте құтыру кеселі болған-болмағанын тексеруде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау