Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда зираттар су астында қалды

Құрылысшылардың сапасыз атқарған жұмысының кесірінен Петропавлдағы зираттарды су басты. Сол маңнан жылу құбырын жүргізген мамандар суағарларды қазып алып, лақтырып тастапты, – деп хабарлайды КТК арнасның сайты.

ш

Туыстарының сүйектері суда жатқанына қынжылған жұрт әкімдікке шағым да жазған.

Тұрғындар жыл сайын көктемде молалардың маңын тазалап, көркейтетін. Биыл бұл шаруаларды атқаруға мүмкіндік болмай тұр. Жүздеген христиан бейіті су астында қалған. Халықтың айтуынша, бұрын-соңды мұндай жағдай болмапты. Ал қазір тасқынның беті әлдеқашан қайтса да, зираттағы тобықтан келетін қызыл су сол күйі тұр. Кейін анықталғанындай, осы маңнан жылу құбырын тартқан құрылысшылар суағарлардың бәрін бұзып кеткен екен. Еріген қар мен жаңбыр сондықтан да кетпей қалған.

“Әкімдікке талай рет барып шағым жаздым. Олар «бір шара қолданамыз деп шығарып салады». Осы күнге дейін нәтиже жоқ.  Зираттың басына күнде келемін, су сол күйі тұр”, – дейді Петропавл қаласының тұрғыны Владислав Грибовский.

Талқылау