Петропавлда жылжымайтын мүлік агенттігі қызметкердің басына жұмыс орнында пышақ қадаған (Видео)

Сейсенбі, 8 Желтоқсан , 2015 10:30

Петропавлда  жылжымайтын мүлік агенттігінің қызметкерін  жұмыс орнында пышақпен жарақаттаған. Есіктен кірген жігіт  сөзге келмей отырған азаматтың басына пышақ сұққан. Жағдайды түсінбей қалған азаматты күдікті тағыда ұруға бірнеше рет оқталады.

петропавл

«7 желтоқсан күні күндізгі уақытта  агенттіктің кеңсесіне  күдікті кіріп, бірден шабуылдап  отырған азаматтың басына қолындағы пышақты қадаған»,- дейді  СҚО ІІД баспасөз қызметі.

Қазірге, жәбірленуші мен күдіктінің өз ара таныс екені белгілі болған.

Жедел іздестіру кезінде СҚО 19 жастағы тұрғыны ұсталған. Ол уақытша  қамау абақтысына жабылған. Сот алды тергеу істері басталып кеткен. Ол ҚР ҚК 106 бабы яғни өзгенің денсаулығына әдейлеп зиян келтіру айыбы бойынша  жауапқа тартылатын болады.

Басына пышақ тиген азамат облыстық ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер жарақаты орташа,жағдайы қалыпты деп бағалаған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар