Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда жұмысшылар аузы былапыт сөзден құрғамайтын басшыларына қарсы шықты

Петропавлдың құдықтары мен арықтарын тазартатын кәсіпорын жұмысшылары боқауыз басшыларына қарсы шықты. Айтуларынша, аузы балағат сөзден құрғамайтын бастық оларды адам деп санамайды екен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлап отыр.

ммм

Жалақыны жырымдап беретіні былай тұрсын, адам төзгісіз жағдайда жұмыс істететін көрінеді. Ал осы мекеме бастығы Мәмбет Мұқанов мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Петропавл суағарларын қоқыстан тазалап жатқан мына жұмысшылар өздерінің бұл шаруасын «ит тірлік» дейді. Кеше де олардың арықтан сыртқа шығарған батпағын алып кететін көлік келмей, жұмысшылар оны кері төгіпті.

Қолмен тазалап, тастаңдар дейді. Техника әкел десе, техникалары сынып жатыр. Кепкеннен кейін алуға болады дедік. Тыңдамайды”, – дейді жұмысшы Қайырбай Жүсіпов.

Жұмысшылардың айтуларынша, арты екі жұмыс болатын шаруаларға оларды бастықтары жегеді екен. Бұларды адам деп санамайтын Мәмбет Мұқановтың аузы анайы сөзден де құрғамайтын көрінеді. Наразы болғандары тіпті сотқа да шағым түсірген екен. Бірақ дұрыс жазылмаған арызды сот кері қайтарған.

“Мені бірнеше рет боқтады. Айтатын сөзі «қайдан келдің, сонда кет”. Жігіттермен бірге жүргесін бізге де батады. Істей алмайсың”, – деді Сабыржан Жүсіпов.

Ал кәсіпорын басшысы өз қарамағындағылардың бұл сөзін жоққа шығарып шыр-пыр. Айтуынша, өзі де күні кеше дәл сондай жұмысшы болған. Ал барлық гәп жұмысшылардың жалақысында дейді ол.

“Жауласып алған себебі, жаңа жылдан бері ақша қоспадың дейді. Жылдық бөлінген ақшаны мен он екі айға бөлдім. Сол кісілерге, оларда отбасын асырау керек қой”, – дейді су тазарту кәсіпорынының директоры Мәмбет Мұқанов.

Басшыларына қарсы шыққан жұмысшылар жағдайдың бәрін айтып қалалық әкімдікке шағымданыпты. Енді шенділер осы оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізбек.

Талқылау