Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда жол ақысына тиыныңыз жетпесе аялдамадан алуыңызға болады

Петропавлда жол ақысына тиыны жетпеген жолаушылар қажет ақшаны аялдамадағы хабарландырудан ала алады. Себебі онда « Жол ақысына ақшаң жетпесе – тиынды ал» деген жазуы бар хабарландыру көптеген аялдамалар мен қоғамдық көліктерге  жабыстырылған. Петропавл қаласында қазір жол ақысы 65 теңге.

11065040

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Сондай-ақ, белсенділер түрлі аурулар мен вирустардан қорғану үшін халыққа  матадан тігілген маскалар таратуды қолға алған.

Акцияны Солтүстік-Қазақстан облысының ерікті жастар орталығы ұйымдастырған. Олар осындай қайырымдылық шарасы алдағы уақытта өзге өңірлерде де жалғасын табатынына сенімді.

« Түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Жолаушыға жол ақысы үшін тиыны жетпей қалатын жағдайлар болады. Біздің хабарландыруымыз сондай кісілерге көмектесу үшін ілінеді. Хабарландырудағы ақшаны алған кісі осындай көмекті ала тұра ойлана бастайды. Танымайтын адам маған көмек бергенде,неге мен өзгеге көмек қолымды созбаймын деген. Осыдан адамдар арасында бір-біріне деген көмек көрсету жиілейді»,-дейді  ерікті жастардан құралған орталық мүшелері,

Жастар қала көшесіне шығып тұрғындарға матадан тігілген қорғаныс маскасын таратып шықты.

 

Талқылау