Петропавлда жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар тұрғындарды адастыруда
Петропавл тұрғындары әлеуметтік желілерде тиісті емес жерлерге салынған жаяу жүргіншілерге арналған жолақтарды талқыға салып жатыр.
Бұл туралы pkzsk.info хабарлайды.
“Зебралардың” көпшілігі ағаштар мен кәріз құбырларының қасына салынған. Бұл ретте тұрғындардың біраз қалай жүрерлерін білмей дағдарып қалады екен.
Жаяу жүру жолақтарының бірі Кәрімм Сутюшев көшесіне салынған. Жаңа жолақтың сызылғанына да көп болмапты. Бірақ, басшылық оны есептеуде біраз қателескен секілді. Жолақтың екі жағында да жасыл желек бар. Желек қазірдің өзінде тапталып қалған.
Тәртіп сақшылары баста ол жерге ескерту белгісін қойғанымен, кейін алып тастаған. Бұл өз кезегінде көлік жүргізушілеріне кедергі болған.
Талқылау