Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда ұрылар үй иесіне өздерінің тонау үшін келгенін жасырмай айтыпты

Петропавлда екі нашақор зейнеткер әйелді шырт ұйқыда жатқан жерінен оятып, өздерінің оны тонауға келгенін айтыпты деп хабарлайды КТК.

754678195932712

Бірақ мұны естіп айқайға басқан кемпірдің басынан балғамен ұрып, ақыры үйден сатуға жарайтын дүниелерді алып кетіпті.

Зейнеткердің ұлы таңертең қақпадағы құлыпқа сеніп, үйді жаппай кеткен екен. Осыны көздері шалып қалған сыбайластар қораның үстінен секіріп мініп, аулаға, сосын үйге кірген. Бұрын олардың бірі осы үйдің қожайынына жалданып жұмыс істеген көрінеді. Олар кемпірдің басынан балғамен бір ұрып, сосын үйдің астаң-кестеңін шығарған.

Алтын бұйымдар, ақша мен азық-түлікті алған олар үйді сыртынан тіреп кетіп қалыпты. Ұрылардың бірі отызда, екіншісі жуырда қырыққа толған. Отбасы мен бала-шағалары бар.

“Бұрындары ұрлық жасағандары үшін сотталған қала тұрғындары қамауға алынды. Күдіктілер нашақор ретінде тіркеуге алынған”, – деді Петропавл қалалық ІІБ тергеушісі Ернар Қожабек.

Оқи отырыңыз:

Кореядағы секс-құлдықтан құтылған қазақ қызы сол жердегі отандастарының атынан көмек сұрады

Алматылық азамат Хэллоуин мерекесіне не үшін ұлттық киім кигенін түсіндірді

Илья Ильин Хэллоуин мерекесін Джокер стилінде атап өтті (фото)

Ағасы мен қарындасы әйгілі Дракула қорғанында табыттың ішінде түнеп шықты

Талқылау