Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда түнгі клуб маңында көлік қағып кеткен әйелдердің бірі көз жұмды

Петропавлда 15 қыркүйекте «Лексус» көлігінің жүргізушісі түнгі клуб маңында екі әйелді қағып кеткен еді. Зардап шеккендердің бірі осы күнге дейін комада жатқан еді. Өкінішке орай, ол қайтыс болып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Петропавлда түнгі клуб маңында көлік қағып кеткен әйелдердің бірі көз жұмды

25 жастағы келіншек облыстық ауруханада есін жимастан қайтыс болған. Көлік астына түскен келіншектің бас миы зақымдалып, өзге де жарақаттар алған. Ол ауруханаға жеткізілгенде жағдайы ауыр болған екен. Келіншек осы күнге дейін комада жатқан.

Марқұмның артында 2 жасар баласы қалды.

Естеріңізге сала кетсек, 15 қыркүйекте Петропавлда “Лексус” көлігі түнгі клубтың алдында екі қызды қағып кеткен еді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау