Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда туғаннан сал ауруына шалдыққан егіздер көмекке зәру

Петропавлда туа біткеннен сал ауруына шалдыққан егіздер көмекке зәру. Алты жасқа енді толған Әлинұр мен Алина өз беттерімен жүріп-тұра алмайды. Күндіз күлкіден түнде ұйқыдан айырылған балалардың ата-анасы екеуіне де жуық арада ота жасату қажеттігін айтады.

ыы

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бұл 6 жасар Әлинұр. Ол күнде ата-анасын тек жылап көмекке шақыра алады. Өйткені өз бетімен не отыра, не жүре алмайды. Тіпті тілі де шықпаған. Ал аяқ-қолдары мен денесінің сүйектері жиырылып қала береді.

– “Аяқ-қолдары тырысқан.Бұлшық еттері бәрі. Бұның бәрі ауырады. Оған массаж, гимнастика жасау керек”, – дейді Әлинұр мен Алинаның анасы Зәбира Мұсабаева.

Екіншісі, қыздары Алинаның да жағдай тура осындай. Екеуіне де күтуші керек дейді анасы. Сол себепті Зәбира Мұсабаева, оның жұбайы да қызметтерін тастауға мәжбүр болыпты. Қазір балалардың жәрдемақысына өмір сүреміз дейді. 20 күннен кейін Ресейде егіздерге ота жасатпақшы. Нәтижесінде қатайып қалған сүйектерін жұмсартуға болады екен. Бұл ең болмағанда балалардың сүйектері сырқырап, ауруының орнына, түнде тыныш ұйықтай алуына септігін тигізеді дейді.

– “Жұмсартады мынаны. Кішкене бала ұйықтай алатын болады. Салмақ қоса алады. Қазір салмақ жинамай жатыр. 10 кг, өзі 6 жастағы бала”, – дейді анасы.

Бірақ қиыны, бір балаға ғана 400 мың теңге қаражат қажет. Отбасы бұл қомақты қаржыны әлі жинай алмай жатқандарын айтады. Сондықтан науқас егіз балаларына ота жасату үшін қайырымды жандардың көмегіне зәруміз дейді.

Жіберіп алмаңыз:

Ауыр дертке шалдыққан қобызшы қыз жұрттың көмегіне зәру

Талқылау