Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлдық жігіт футбол ойындарына тігу үшін сатушыны қорқытып, ақша алған

Бетперде киіп келіп, сатушыға пышақ тақаған ол кассадағы бүкіл қаржыны тартып алыпты. Ал ұрлаған ақшаны сол күні-ақ букмекерлік кеңседе ұтылып тынған, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

а

Әбден шошып қалған әйел бет-жүзін көрсетуге қорықты. Оның үстіне, күдікті қолхатпен бостандыққа жіберілген екен. Қолды қылған 60 мың теңгені сүйікті футбол командасының ойынына тігіпті. Алайда ақша қойған клуб жеңіліп, бүкіл қаражаты күйіп кеткен. Енді қылмысқа барған жанкүйер 7 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.

-“Жасағаныма өкінемін. Ақша керек болған соң осындай әрекетке бардым. Енді қайталанбайды”, – дейді ол.

Талқылау