Петропавлда сотталғандар қысым көрсеткенін айтып түрме басшысын сотқа берді

Петропавлда сотталғандар колония басшылығын сотқа беріп жатыр. Жазасын жалпы режимде өтеп жатқан қылмыскерлер өздерін қатаң тәртіптегі колонияға қамап, басшылықтың қысым көрсеткендерін айтып шағымданды.

 

Есіл ауданы Горный ауылында бір топ қылмыскер колония басшылығын сотқа берді. Жалпы режимдегі түрмеде жазасын өтеушілердің сөзінше, оларды заңсыз қатаң режимдегі камераға оқшаулап тастаған. Онымен қоймай қысым жасап, зәбір көрсеткен айтуларынша. Солардың бірі Александр Насонов. Бала кезінен мүгедек ол, салдарынан екі аяғының жансызданып жүре алмай қалғанын айтады, деп хабарлайды 31 арна.

“Бізді қатаң тәртіпке ауыстыруға бір негіз болу керек қой. Бізді еш негізсіз қатаң режимге ауыстырып, сонда он күн ұстады”, – дейді 164/4 түзету мекемесінде жазасын өтеуші Александр Насонов.

Бұған қоса аяғын баса алмай қалған Насонов 50 мың теңге, қалғандары 20 мың теңгеден моральдық өтемақы талап етті. Ал түзету мекемесінің басшылығы оларды нашар тәртібі үшін қатаң режимдегі түрмеге жабуға тура келді деп отыр.

“Біз жоғарыдан түскен тапсырманы орындадық. Комиссия шешімімен олар №1 жасаққа №1 камераға қауіпсіздік үшін ауыстырылды.”, – дейді 164/4 түзету мекемесінің тәрбие жұмысы меңгерушісі Марат Қалиев.

Тараптарды тыңдаған судья бала кезінен мүгедек Насоновқа талап еткен өтемақыдан 20 мың теңге берілсін деді. Қалған шағымдарды қанағаттандырмады. Ал  қорғаушының сөзінше, сотталғандардың тағы бірі – Владимир Алавердов өзіне-өзі қол сала жаздаған. Қатты қысымға шыдамаған жазасын өтеушіні өзге сотталушылар өлім аузынан әрең дегенде арашалап алған, дейді адвокат. Сондықтан өзгелері де түрме басшылығынан өтемақы талап ете алады деген ол шешіммен келіспейтіндерін айтты.

“Зақым көрген оларды медициналық тексерістен өткізген жоқ. Өздері бір – біріне көмектесіп жүріп өлімнен аман қалды”, – дейді қорғаушы Елена Игнатенко.

Сотталғандардың арызын Петропавлдағы № 2 қалалық соты қараған. Колониямен бейнебайланыс үзіліп кеткендіктен бұл іс бір рет кейінге шегерілді. Бір топ сотталғандарды облыс орталығынан 150 шақырым жерден жеткізуге тура келген. Ал үкім тіптен, шағымданушы тараптың қатысынсыз өтті.

Тағы да оқыңыз:

ОҚО-да мақта теруге барған жасөспірім мақта ішінде тұншығып өлді

Ақтөбеде медициналық университеттің студенті оқу орнында көз жұмды

25 жастағы жігіт көлік алған күннің ертеңінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар