Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда Шыңғыс хан дәуірінде асылған етке жұрт таласып қалды

Тіл үйіретін төңкерме, көмеш, орама, қоспа және сарбас. Петропавлда ұмыт болған ұлттық тағамдар байқауы өтті. Аспаздар қазір өте сирек дайындалатын 26 түрлі ас дайындап әкелді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

3E0A7810

Фото: stan.kz

Толғағы қысқан әйелге берілетін төңкерме жас ананың омырауын да сүтке толтырады екен. Ал ұзатылып кеткен қызын сағынғанда, шешесі оның артынан үлбіршек дайындап беріп жіберетін. Жылқы не сиырдың жүрегінен жасалатын бұл ас жиналғандардың таңданысын тудырды.

Сайысқа қатысушылар өздері әкелген әрбір астың тарихы мен жасалу жолын да түсіндірді. Нәтижесінде, бас жүлде сарбас деген тағам дайындаған петропавлдық аспаз Юрий Дубининге бұйырды. Ол бұл ас туралы ақпаратты ғаламтор мен кітапханадан жинапты.

Бір тамшы сусыз, жапан далада дайындалатын ет Шыңғысхан дәуірінен жеткен екен. Дубинин енді облыс намысын Таразда өтетін республикалық сайыста қорғамақ.


Жіберіп алмаңыз:

Қонақтарыңызды Бәйтерек пішініндегі тамаша бәлішпен таң қалдырыңыз

Қазақтың мына ұлттық тағамы сіздің дәм сезу рецепторларыңызды “жарары” анық

Қытайлық аспаз Қазақстан мен Қытай достығына арналған тағам дайындады

Ғалымдар тағамнан майды алып тастайтын ыдыс ойлап тапты

 

Талқылау