Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда сатушы әйел пышақ ұстап, дүкен тонауға келген ер адамды сабап тастады

Петропавл қаласында  дүкенге  шабуыл жасаған ер адам сатушы әйелден «таяқ жеді».

Жабылғалы тұрған дүкенге сатып алушы болып кірген мас адам бірден кассаны ақтара бастаған. Ашуға мінген сатушыға ер адам қалтасынан пышақшығарып, қорқыта бастайды.

«Қарақшының сорына қарай, дүкен сатушысы ер мінезді әйел болып шықты. Сатушы «шақырылмаған қонақтың» мастығын пайдаланып, пышағын тартып алып, дүкеннен қуып шыққан. Қапелімде не болғанын түсінбей қалған ер адам «екі жүз теңге берсеңші» деген. Дегенмен әйел есікті тарс жауып, дабыл батырмасын басып жіберген», – делінген жергілікті ІІБ берген ақпаратта.

Арада үш жарым минут уақыт өтер-өтпестен күзет агенттігінің қызметкеткерлері күдіктіні ұстап алып, полицияға тапсырған.

Ұсталған 57 жастағы Петропавл тұрғыны түрмеден жақында ғана шыққан, 7 рет сотталған адам болып шықты. Бұл жолы ол ҚР ҚК-нің 192-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Облыстық құзырлы ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстанда күзет қызметтерінің арқасында жыл басынан бері 43 қылмыстық істің беті ашылғн.

Оқи отырыңыз:

Әнші Бүркіт фильм түсіргені үшін айыптағандарға жауап берді

Аша Матай өз әнін жанды дауыста айта алмай, ұятқа қалды (видео)

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайратқа ең алғаш ғашық болған кездері туралы айтты

Майғазиевтің анасы ұяттан жұрдай болған “Қалаулым” қатысушыларына тоқтау салуды өтінген

 

 

Талқылау