Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда рингте қарсыласынан ауыр соққы алған спортшы комаға түсіп, есін жия алмай жатыр

Петропавлда кикбоскингтен өткен Қазақстанның ашық біріншілігінде жарақат алған  Азамат Досымбай облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде комада  жатыр. 21 жастағы астаналық спортшының миына екі рет ота жасаған дәрігерлер оның жағдайын тым мүшкіл деп отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Екі күнге созылған жарыста Азамат Досымбай ақтық сайысқа дейін жетіп, 54 келіге дейінгі салмақта кикбоксингтен Қазақстанның күміс жүлдегері  деген атақ алды. Ақтық шайқаста қарсыласынан жеңіліп қалған ол рингте 15 рет соққы алғанын кейін бапкерлері камерадан көріп, санаған.  Алайда жігіттің өміріне қауіп төндіретіндей қатты тиген жоқ дейді олар. Марапаттау салтанатында да оның ауырып тұрғаны білінбепті. Араға бір жарым сағат өткен соң есінен танып қалған жігітті жедел жәрдем облыстық ауруханаға алып кеткен.

«Ол бір айдың ішінде екі үлкен сайысқа қатысқан. Осыдан біраз бұрын Венгрияда өткен  әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Онда да соққылар алды, әрине. Оның денсаулығына  кеше алған соққылар әсер етті ме әлде бұрынғысы ма, ол арасын дөп басып айта алмаймын. Бірақ қазылар алқасы мен супервайзерлерге қоятын еш кінәміз жоқ. Олар дұрыс төрелік жасаған», – дейді СҚО Туризмді дамыту және спорт басқармасының басшысы Руслан Есенәлин.

Оқи отырыңыз:

Денесін күйік шалған бала қамқоршыларының көмегімен Астанада емделетін болды

Ақтөбелік кәсіпкер Алматы зообағына 5 млн теңге аударды

Жүк көлігінен ұшқан дөңгелек мотоцикл айдаушыны қағып кетті (видео)

Қазақстанда сүндетке отырғызу ақысыз жасалуы мүмкін

Талқылау