Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтын жалатылып, бағалы тастармен зерленген: Петропавлда Путинге қолдан жасалған қамшы сыйлады

Ресей президенті Владимир Путин бүгін Петропавл қаласына келді. Оған қолдан жасалған қамшы тарту етілді.

Петропавлда Путинге қолдан жасалған қамшы сыйлады

Назарбаев пен Путин қаладағы теннис орталығында орналасқан қос мемлекеттің «Туризмді дамытудағы жаңа жолдары» көрмесін тамашалады, деп хабарлайды “РИА Новости” агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz.

Мемлекет басшылары экскурсия жүргізушілерді тыңдап, көрмеге қатысушылармен сөйлесті.

Көрмені тамашалау барысында Путинге «Алдияр» аталатын қолдан жасалған қамшы сыйға тартылды. Қола сапты қамшы алтын жалатылып, бағалы тастармен зерленген. Өз кезегінде қамшыны қолына қысып ұстаған Ресей басшысы риза болып, сыйлық үшін алғыс білдірді.

Ал елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың наным-сеніміне сәйкес, мұндай қамшы тылсым күштерден қорғайтынын айтты.

“Ал оны (ред. қамшы) алуға бола ма?” – деп сұрады Владимир Путин.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау