Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда прокуратура ғимаратына қарама-қарсы қанды манекен ілулі тұр

Петропавлда облыстық прокуратура ғимаратына қарама-қарсы жерде үсті-басы қан-қан болған киім кигізілген манекен тұр.

Фото: Елена Бережная

Бұл туралы Sputnik Казахстан жазады.

Әлеуметтік желіде де аталмыш маникен туралы қызу талқылап жатыр.

“Конституция көшесінде не ілініп тұрғанын кім біледі? Балам оны көрді де, өте қатты қорқып қалды! Жүрегі нашар адам ондайды көріп тіпті инфаркт алуы да мүмкін. Бір қарағанда адам асулы тұрған сияқты”, – деп жазады желі қолданушысы.

Сірә, бұл ғимаратта орналасқан стейк-хаус мейрамхана осындай қадам арқылы, Хэллоуин мерекесіне дайындалып жатқанын аңғартқысы келсе керек. Бірақ, креативті жарнама авторларының ағылшыншасы көңіл көншітпейді. Маникенде “Whore” (ағылшын тілінен аударғанда “жезөкше” деген мағынаны береді) тақтайшасы ілінген. Дұрысында авторлар ол жерге “horror” (қорқыныш) сөзін жазғылары келген секілді.

 

Талқылау