Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда полицейлер көшеде қалып қойған қаңғыбастарға қамқор болып жүр

Петропавлда қаңғыбастарды бейімдеу орталығының қызметкерлері жұмысқа кірісті. Қыстың көзі қырауда көшеде қатып қалмас үшін полиция оларды арнайы көлікпен тасуға мәжбүр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

8585

Дәрігерлерге қаралып, қонып шыққан үйсіздер діттеген жеріне де машинамен жеткізіледі.

Бетін көрсетуден ұялып отырған мына жігіт небәрі 28 жаста. Әке-шешесі жоқ, қарындасымен ұрсысып көше кезіп кеткен. Қаңғыбастарға қосылғандағы көрген күні осы. Қасында отырған келіншек екеуі күнұзақ көшедегі темір-терсекті сатып, нәпақа табады.

“Кейде мың теңге, кей кезде 500 теңге табамын. Тапқанымды арақ пен темекіге жұмсаймын”, – дейді ол.

Қаңғыбастарға арналған бұл орталық былтыр ашылған. Тек қыста жұмыс істейтін ғимаратқа үйсіздер арнайы көлікпен әкелінуде. Сондай-ақ, таң атысымен баратын жеріне жеткізіп те салады. Тіпті, арнайы «эскортпен» тасымалданатын олардың түні тыныш өтуі үшін арнайы күзет те қойылған.

“Кейбіреуі ішіп келеді. Төбелес болмау үшін, оны бақылау үшін кешкі сағат 8-ден, таңғы сағат 8-ге дейін полиция қызметкері кезекшілік атқарады”, – деді СҚО Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Айдын Байматов.

Бұл жерде кезбелер тек тәртіп сақшыларының емес, медициналық қызметкердің де бақылауында. Аязға үсітіп алған аяқ- қолдарына медбике дәрі жағып, таңып береді. Керек болса, жедел жәрдем шақырып, ауруханаға жөнелтеді. Үйсіздерге үйінде көрмеген мұндай қамқорлық мемлекеттік бюджет есебінен жасалып отыр.

“Тұрақты мекені жоқ жандар күндіз жұмыс істесе, кешке осында келіп қонуларына болады. Бір ғана шартымыз бар – мас күйде қабылдамаймыз. Биыл нысанға үш миллион ақша бөлінді. Бұл қаржыға көрпе-төсек, медициналық заттар, дәрі-дәрмек пен отын алдық”, – деді Петропавл қалалық тұрақты мекені жоқ жандарды бейімдеу орталығының директоры Жасұлан Сомтеміров.

Орталықта жуынатын жер, бір рет қолданатын төсек-жаймалары да жеткілікті. Әйелдердің бөлмесі бөлек. Отыз орынға шақталған нысанға қазір күніне 20 шақты кезбе келіп жүр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, аяз күшейсе, келушілер саны да көбейетін көрінеді. Бір қызығы, құдық пен құбыр жағалағандар арасында мұндай жақсы хабар лезде тарайды екен.

Оқи отырыңыз:

2016 жылдың ең сексуалды ер азаматы кім екені анықталды

Дариға Назарбаеваның жұлдызды сыңары табылды (фото)

Дәрігер: Әйел 6 сағат ішінде босануы тиіс

 

Талқылау