Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда полицей өз-өзін өлтірмек болған қызды құтқарып қалды

Петропавлда тәртіп сақшысы 25 метрлік аспалы көпірден секірмекші болған қызды ажалдан арашалап қалған. Бұл сейсенбі, 14 маусым күні таңғы сағат 8.00 шамасында болған. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Безымянный

“Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полиция батальоны қызметкері Руслан Акматов пен Арман Имантаев кезекшілікте болған. Жедел басқарманың кезекші бөлімі қаланың шыға берісінде бойжеткен өз-өзін өлтірмекші деген ақпарат түседі. Полицейлер төтенше жағдайлар қызметкерлері іске кірісіп кеткен оқиға орнына жедел жетеді. Алайда темір конструкцияның ең биік нүктесінде тұрған қыз жерге түсуден бас тартқан”, – делінген хабарламада.

Спорттық қабілеті бар кіші сержант полицей Руслан Акматов бірден жоғары қарай өрмелеп шығып алады. Бірақ, қыз ұзақ уақыт оны өзіне жақындатпаған. Ақыры тәуекелге бел байлаған Руслан, қызды қапсыра құшақтап алып, оны өзімен бірге төменге алып түседі.

7474

“Әрине, қауіпті болды. Қыз егер мен барсам, құлаймын деп айқайлады. Өзен мен биіктің арасы 40 метрдей. Әйтеуір, бақытқа орай бәрі сәтті аяқталды. Төменде әріптесім көмектесті”, – дейді Руслан. Айтпақшы, Руслан өзі бокстан спорт шебері. Полиция қатарында үш жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Кейін анық болғандай, қыздың өз-өзін суицидке итермелеуіне отбасындағы ұрыс себеп болған.

Талқылау