Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда парақор шенеунік судьяны таң қалдырды

Петропавлда «Қазақавтожол» акционерлік қоғамы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Асқар Жанкинге қатысты сот басталды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Безымянный

Ол Астана-Петропавл тас жолын жөндеген бас мердігерден 2 миллион теңге пара алған. Айыпталушы бұл ақша үшін құрылысшылардың біраз былығына көз жұма қарамақшы болыпты. Айыпталушының бұлайша өз кінәсін ә дегеннен-ақ мойындауы судьяның өзі үшін де таң қаларлық жағдай болды.

Ал Жанкиннің адвокаты осыны алға тартып, сот отырыстарын заңға сай қысқа мерзімде аяқтауын сұрады. Бұл – айыпталушы мен куәгелерден жауап алынбай, келесі отырыста-ақ үкім шығуы мүмкін деген сөз.

Естеріңізге салсақ, Асқар Жанкин ақпан айында пара алып жатқан жерінде ұсталған. Ол қомақты ауызбастырыққа мердігердің жол бойына салынуы тиіс эстакада мен жүргізушілер демалатын арнайы орын жабдықтамағанына көз жұма қарауға уәде беріпті.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында 8 ай бұрын жоғалған кәсіпкер өлі табылды

Ақмола облысында қыз зорлады деп айыпталған депутат ақталып шықты

Бахрейнде жоғалған Тагина Хайтметованың анасы мәлімдеме жасады

Ақмолада жаңа туған сәбиді балалар үйіне жіберіп, ата-анасына оны өлді деп хабарлай салған

Талқылау