Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда оқушы қыз вирустық жұқпалы аурудан көз жұмды

Петропавлда 12 жастағы мектеп оқушысы вирустық жұқпалы аурудан көз жұмды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

12764962

Фото: Zarya Maxim

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған алдын-ала патологанатомиялық “Ауыр тыныс инфекциясы. Миокардит. Жеңіл ісік. Пневмония” диагнозы қойылған.

Бала анамнезбен 17 қаңтардан бастап ауырған. Температура 40 градусқа дейін көтерілген. Ата-анасы бірден жедел жәрдем шақырады. Түнде дене қысымы 38,6-ға көтеріліп, содан түспейді. 19 қаңтар күні қыздың жағдайы нашарлайды. Есінен танып, кеудесі ауырған. Келесі күні жедел жәрдем қызды облыстық балалар ауруханасына алып кетеді.

“Түскен кезде жүрек-тамыр ауруларына байланысты ауыр деп бағаланды. Шұғыл жағдайда дәрігерлер кеңесі шақырылды. Тексеру жүргізілген соң диагноз қойылып, емдеу тактикасы бекітілген. Өкінішке қарай жансақтау әрекеті нәтиже бермей, қыз 20 қаңтар күні 12.20-да қайтыс болды”, – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас іштегі сәби үшін пайдалы

Қазақстандық дәрігер смартфон мен гаджеттің жүктілікке кері әсер тигізетінін айтты

Ақпаратты есте сақтаудың тиімді тәсілі анықталды

Ғалымдар сәбилердің 5 айлығында ана тілін мәңгілік жадында сақтай алатынын анықтады

Талқылау